Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Department of Education for the Tselinograd District of the Akmola Oblast Department of Education "Utemis Village General Secondary Education School" communal state institution

Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің жұмыс процесі

13.10.2023

Өтеміс ауылында алғаш рет жаңа мектеп ашылды👏

Бүгінгі күнге дейін Өтеміс ауылында оқу орны болмағандықтан, оқушылар білім алу үшін 92 оқушы 5 шақырым жерде орналасқан Ақмол ауылына автобуспен жеткізілетін.
Енді Білім күні - 2023 жылдың 1 қыркүйегінде, сондай-ақ Целиноград ауданының 95 жылдығын мерекелеу жылы Өтеміс ауылының барша тұрғындарының қуанышына орай жалпы орта мектеп ашылды. Жаңа мектеп-бұл 120 оқушыға арналған шағын жинақталған мектеп. Онда 11 оқу кабинеті, сондай-ақ спорт залы, асхана және емдеу кабинеттері бар. Қазіргі уақытта 89 оқушы оқиды, оларға 25 мұғалім білім береді.
«Ауылымызда көптен бері күткен мектеп ашылып отыр. Біз өте қуаныштымыз. Балаларымыз көрші ауылға қатынап оқитын, енді мектеп үйіміздің қасында. Стандартқа сай жаңа мектеп тұрғызып, білімге ошақ салғандары үшін әкімшілікке ризашылығымды білдіргім келеді» - дейді Аяулым Аушахманов ата-аналар жұртшылығының атынан қуанышымен бөлісуде.

Мектептің ашылу салтанатына Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков және ШЖҚ РМК құрылыс фирмасының директоры Қайрат Уватаев қатысты. 
Алдағы уақытта жаңа мектеп биік белестерді бағындыратынына сенім білдіреміз.

/public/files/2023/10/13/131023_175619_video-whatsapp-2023-10-13-v-154355b30794a1.mp4

/public/files/2023/10/13/131023_171116_whatsapp-video-2023-10-13-at-34356-pm.mp4

Просмотров: 160


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

    

Ұйымдар тізімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі»   КММ  қызметі туралы

1. Жалпы ережелер

            1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

 «Ақмола облысының білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Өтеміс ауылы Өтеміс  көшесі, 26.  Байланыс нөмері: 8(708) 8650452

 

Мектеп директоры:   Б.Ұ. Әмзе

 

Күнделікті ас мәзірі үшінші апта/public/files/2025/1/23/230125_121416_whatsapp-image-2025-01-23-at-115540.jpeg

Текст