Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес “ “Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ қамқоршылық кеңес құрылатынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 12 қыркүйек мен 22 қыркүйек аралығында тиісті білім беру ұйымынаөтініш тапсыруы тиіс.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
білім беру ұйымының басшысымен туыстық және жекжаттық қатынасы бар тұлғалар;
сол білім беру ұйымы қызметкерлері;
психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулері бар тұлғалар кіре алмайды.
Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер жергілікті білім ұйымына өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қызметі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысының білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Өтеміс ауылы Өтеміс көшесі, 26. Байланыс нөмері: 8(708) 8650452
Мектеп директоры: Б.Ұ. Әмзе
Күнделікті ас мәзірі үшінші апта/public/files/2025/1/23/230125_121416_whatsapp-image-2025-01-23-at-115540.jpeg