otemis_zhobbm
Бүгін, 20.05.2025 ж. Ai.roqed.com платформасының жоба жетекшісі Мағжан Қыстаубаев мырза 1400-ден астам 3D модельдер мен анимацияларға толы, кез келген сабақты қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін аталмыш сайттың мән-жайымен Өтеміс ауылының ЖОББМ ұжымына таныстырды.
Жасанды интеллектіні белен ала бастаған тұсында білім мен технологияны тең ұстаған Ұлт ұстаздары ұтарын ескере отырып, компания жетекшілігі платформа негізінде жинақталған мол ресурстардың 1 жылға тегін пайдалану мүмкіндігін беріп отыр.
Ақмола облысының Целиноград ауданында AMANAT партиясының қолдауымен былтырдан «BAQUATTY AUDAN» бастамасы қолға алынған болатын. Осы орайда ауыл мектептеріне қолдау білдірген Esen Foundation білім беру жобаларының жетекшісі Камила Башарова ханымға, «Ауыл Педакадемиясы» жобасының жетекшісі Айжан Шаяхметова ханымға,
@auyl.pedacademy жоба менторы Құралай Байжанкөз ханымға және бүгінгі семинарды тартымды әрі өзекгі форматта өткізе білген Мағжан Қыстаубаев мырзаға зор алғысымызды білдіреміз!
Ауыл мұғалімдері де оқушыларды жасанды интеллектпен интеграцияланған мол білім қорымен сусындата алады деп сенеміз!
Құрметпен,
мектеп директоры: Бекежан Ұлықбекұлы Әмзе.
@gitaraza
@auyl.pedacademy
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қызметі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысының білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Өтеміс ауылы Өтеміс көшесі, 26. Байланыс нөмері: 8(708) 8650452
Мектеп директоры: Б.Ұ. Әмзе
Күнделікті ас мәзірі үшінші апта/public/files/2025/1/23/230125_121416_whatsapp-image-2025-01-23-at-115540.jpeg