Целиноград ауданы бойынша білім беру ұйымдарының арасында аймақтық "Жас жол инспекторлары" байқауы өтті
2025 жылғы 29 сәуір күні Целиноград ауданы бойынша дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын аймақтық "Жол қозғалыстарының жас инспекторлары" байқауы сәтті өткізілді. Аталған іс-шара Өтеміс жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өтті. Байқауға 9-14 жас аралығындағы оқушылар қатысып, өздерінің жол қауіпсіздігі туралы білімдерін, тәжірибелік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шараға ауданымыздың орта буындағы сынып оқушылары арасынан бірнеше мектептің командалары қатысты. Атап айтқанда:
Раздольное ауылының негізгі орта мектебі;
Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі;
Қосшоқы ауылының негізгі орта мектебі;
Мәншүк ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі;
Жаңажайнақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
Шұбар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.
Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында жол жүру ережелерін насихаттау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшеде өзін-өзі қауіпсіз ұстауға тәрбиелеу және жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Байқау барысында қатысушылар жол белгілері мен ережелері бойынша білімдерін сынап, түрлі шығармашылық және практикалық тапсырмаларды орындады. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен жетекшілерге естен кетпес әсер сыйлады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық білім бөлімі тарапынан дипломдармен марапатталды.
Шұбар ауылының ЖОББМ — І орын;
Раздольное ауылының НОББМ — ІІ орын;
Өтеміс ауылының ЖОББМ — ІІІ орын.
Аймақтық кезеңнен өткен командалар аудандық ақтық сында бақ сынасатын болады.
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
АДАЛ АЗАМАТ
ОЗЫҚ ОЙЛЫ
Бірлік және ынтымақ
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қызметі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысының білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Өтеміс ауылы Өтеміс көшесі, 26. Байланыс нөмері: 8(708) 8650452
Мектеп директоры: Б.Ұ. Әмзе
Күнделікті ас мәзірі үшінші апта/public/files/2025/1/23/230125_121416_whatsapp-image-2025-01-23-at-115540.jpeg