Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Department of Education for the Tselinograd District of the Akmola Oblast Department of Education "Utemis Village General Secondary Education School" communal state institution

«Наурызнама»

27.03.2025

«Наурыз мейрамы» мерекесіне орай 1 миллионға жуық жас қазақстандық бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады

⚜️«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

🎼 Бүгін бір мезетте 1 миллионға жуық бала «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Тепең көк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» және т. б. ел ішінде белгілі күйлерді күмбірлетті.

🔔Салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік тек мектеп оқушыларын ғана емес, сонымен қатар балабақшалардың ең жас тәрбиеленушілерін, колледж студенттерін де бір мақсатқа тоғыстырды. Мәселен, челлендждің ең кішкентай қатысушысы - 4 жасар Жұмабек Самир Қостанай облысы Қарабалық ауылының «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушісі.

☀️Алматы қаласының Бостандық ауданының 1000 оқушысы бір мезгілде ашық аспан астында атақты күйлерді орындады.

🎶 Ал Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар қобыз, дауылпаз сияқты ежелгі ұлттық аспаптарда танымал композициялар орындады.

🌷«Күй күмбірі» челленджі - 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген ауқымды республикалық акция. Мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қаситеттерін қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра аспабын насихаттау.

#КүйКүмбірі #ҰлттықМұра #КүйҚуаты

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
АДАЛ АЗАМАТ
ОЗЫҚ ОЙЛЫ

Бірлік және ынтымақ
Жасампаздық және жаңашылдық

#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

    

Ұйымдар тізімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі»   КММ  қызметі туралы

1. Жалпы ережелер

            1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

 «Ақмола облысының білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Өтеміс ауылы Өтеміс  көшесі, 26.  Байланыс нөмері: 8(708) 8650452

 

Мектеп директоры:   Б.Ұ. Әмзе

 

Күнделікті ас мәзірі үшінші апта/public/files/2025/1/23/230125_121416_whatsapp-image-2025-01-23-at-115540.jpeg

Текст